2014 жылғы 11 желтоқсанда Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ректоры Н.М.Темірбеков пен университеттің ғылым және халықаралық ынтымақ жөніндегі проректоры О.Д.Гавриленко Өскемен титан-магний комбинатының мұражайының ашылуына арналған шараға қатысты. Облысымыздағы ірі металлургия кәсіпорнының мұражайына комбинаттың жарты ғасырға жуық тарихы, оның жетістіктері, басшылары мен еңбек озаттары туралы, шетелдік әріптестермен ынтымақтастығы жайында баяндайтын көптеген экспонаттар мен материалдар жинақталыпты.