Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не Ақпараттық-Коммуникативтік Лингвистика Орталығының (Мәскеу қ., Ресей Федерациясы) директоры, оқытушы-полиглот, аудармашы-синхронист Дмитрий Петров жұмыс сапармен келді. Ол университте енгізіліп жатқан  «Үштілділік – табыс формуласы» атты жобаның ғылыми жетекшісі болып табылады.

Жоба орыс тілділерге «Қазақ тілі. Базалық тренинг» атты оқу курсы мен шетел тілдерін жедел үйрену бойынша Дмитрий Петровтың авторлық әдістемесін енгізуді, ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамына мақсатты топқа арналған бірегей әдістемесі бойынша 16 сағаттық оқыту тренингтерін ұйымдастыра отырып өткізуді, студенттер мен қаланың ЖОО-ның оқытушыларына, облыстың ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Жазғы тілдік мектептерді» өткізу және 2016 жылдан 2018 жыл аралығындағы студенттерді оқыту уақытында ағылшын тіліне кезең-кезеңмен көшуін қарастырады.  

Дмитрий Юрьевич екі күн ішінде проректорлармен, құрылымдық бөлімшелердің жетекшілерімен, тілдік және бейінді пәндер оқытушыларымен кездесті. Ағылшын тілін пайдалана отыра пәндерді оқытуға арналған оқу бағдарламасын құрастыру бойынша шеберлік сабақтар өткізді, сондай-ақ, тілдерді оқытудағы өзінің интенсивті әдістемесінің негізінде жатқан тұжырымдамалық тәсілімен бөлісті.

img_0284(1) img_0275