Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында «Қуатты Қазақстан тұжырымдамасындағы бес институционалдық реформа» атты өңірлік сарапшылар форумы өтті. Оған саясаттанушылар, ғылыми-сараптама қауымдастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Тұңғыш Президент кітапханасының сарапшысы Андрей Чеботарев мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы баяндама жасады. ШҚО талдау және болжау институтының директоры Олег Чернышовтың, «Зубр» әлеуметтік-корпоративтік қоры директорының орынбасары Юлия Натарованың, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ профессоры, «Саясаттанушылар конгресі» РҚҰ ШҚО филиалының жетекшісі Лилия Столярованың және басқалардың сөздері зор ынтамен тыңдалды.