2016ж. 2-ші желтоқсанында университеттің Кітапханалық-ақпараттық орталығында, «ҒТАҒО» АҚ-ның Шығыс–Қазақстандық филиалының қызметкерлері: «Жариялау үшін Web of Science платформасында журналды қалай табуға болады» атты тақырыпта үйрету семинарын өткізді.

Семинарға қатысушылар «Web of Science платформасында мақаланы жариялау үшін журналды іздестіру» презентациясын тыңдады және алған білімдерін тәжірибеде бекітті. Семинар аяқталғаннан кейін бәрі сертификат алды.