14 желтоқсанда, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да кітапханалық - ақпараттық орталық ашылды. Университет ректоры, профессор Жасұлан Шаймарданов пен профессор Юрий Баталов жаңа орталықтың ашылуының лентасын қиды. Дәл осы күні заманауи қондырғылармен жабдықталған «Машинажасау» оқу-өндірістік кешені, сондай-ақ оқытушылар мен студенттерге арналған 88 орындық жаңа асхана алғашқы келушілерді қабылдады. Университет ардагерлері мерекелік дастарханға шақырылды.

Открытие центров и столовой Открытие центров и столовой