2014 жылдың 9 желтоқсанында сағат 11.00 -де Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас ғимаратының акт залында БҰҰ Бас Ассамблеясы мойындаған Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орайластырылған Шығыс Қазақстан облысы жастарының форумы болады.

Форум сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет, жастардың санасы мен мәдениетін арттыру аясында Қазақстан Республикасының имидждік саясатын құру мақсатында өткізіледі.

Форум шеңберінде баяндамалар жоспарланған, сондай-ақ Форум қатысушылары облыс жастарына Үндеу арнайды.