«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Негізгі инженерлік дайындық факультеті Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ -дың 1 курс студенттерімен "Имандылық жүректің нұры" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстельдің қадірлі қонақтары "Асыл әжелер" тобының жетекшісі Жакубаева Раиса апа, ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Алимкулова Ляззат Аманжоловна мен Халифа алтай мешітінің ұстазы Талшын Қожахметова студенттермен екі сағат көлемінде рухани білімдерімен бөлісті.

Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш, қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында адамның имандылығына – мінез-құлық жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған.

Әжеміз бен ұстаз Талшын Зарқымқызы қоғамдағы қазіргі жастардың тәрбиесі, имандылық және осы имандылықпен келетін тәрбие арқылы жастарымыздың қоғамдағы атқарар рөліне кеңірек тоқталып, студенттердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар қасиетті айымызда оразаны ұстауға ниет еткен студенттермен оразаның адам ағзасына пайдасын, ұстау ережелерімен бөлісті. Қазіргі заман ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін етіп, екіге бөліп қарастырылатынын, демек covid-ке қарсы екпе Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне инемен екпе егу оразаны бұзбайтынын айтты.

Университетімізде covid-ке қарсы тегін екпе салына бастады, алғашқы болып оқытушылық және профессорлық құрам бастаса,ендігі кезек студенттерде ала бастайды. Екпе (вакцина) – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат Осын жөнінде әлеуметтік-тәрбие жұмысы және азаматтық даму басқармасы басшысы Ақмарал Турсынбековна студенттерге екпенің маңызы туралы ақпарат берді. Алимкулова Ляззат Аманжоловна студенттерге адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапханаға келіп білімнің қайнар бұлағы кітапты оқуға құлшынысын ашар жігер берді.

Студенттер қонақтарға алғысын білдіріп, мұндай отырыстың берері мол екенін айтты. «EKTU ДАУЫСТАРЫ – ГОЛОСА EKTU» байқауының қатысушысы 20-ЭЛК-2 тобының студенті Мұратханов Саят «Анамның жаққан ошағы» атты әсем әнді шырқады. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір – бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл – Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Студенттер университетте оқу-біліммен қатар адамгершілігі мол тұлға болып қалыптасып шығарына сеніміміз мол.

Дайындаған және ұймдастырған: Негізгі инженерлік дайындық факультетінің