Қазақстан Республикасы кәсіпорындары арасында 2012-2013 жылдардағы Ұлттық бизнес-рейтингтің қорытындысы бойынша Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ШҚО жоғары оқу орындары арасында «Активтер мен міндеттемелер көрсеткіштері» номинациясында статистикалық саралау нәтижелері бойынша бірінші орын (алтын) алды, ал республика ЖОО арасында осы номинация бойынша 13 орын (алтын) алды. Сөйтіп ШҚМТУ жоғары білім саласында шаруашылық жүргізетін субъектілердің көрсеткіштері мен қаржы-экономикалық қызметінің жалпы мемлекеттік статистикалық саралауы бойынша еліміздің көш бастаушы 40 кәсіпорнының қатарына енді.