Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да бірінші курс студенттерін студент қатарына қабылдау болып өтті. Салтанатты шараны ашқан ректор Нұрлан Темірбеков шәкірттерді осы атаулы күнмен құттықтап, студенттік жылдар ерекше кезең екенін атап өтті. Бұл уақытта жастар тұлға ретінде қалыптасады, өзінің болашағын болжайды.

– Бүгінгі күн университет өміріндегі маңызды саты. Студент аталған соң сендер жақсы дос, ақылды ұстаз табасыңдар, ғылыммен айналысасыңдар. Үлгілі студент, кейін мықты маман болуларыңа тілектеспін, – деді Н.Темірбеков.

Студенттерді проректорлар Н.Линок пен О.Гавриленко құттықтап, старосталарға символикалық студенттік билет пен есеп кітапшасын тапсырды.