Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың инженерия факультеті «Су және орман ресурстары» кафедрасының оқытушысы Сергей Лутай Сочи қаласында өткен XII Ресей және Қазақстан аймақаралық форумы аясында «Азық-түлік қауіпсіздігі» жастардың ғылыми-зерттеу жобалары халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды.

Биыл агроөнеркәсіп кешені мәселесіне байланысты конкурсқа 10 таңдаулы жоба таңдап алынған. Төрешілер алқасының шешімімен оның жеңімпаздары Сергей Лутай мен Дарья Левина (Ресей) болды.

- Өткен байқау туралы әсерім мол. Бұл жеңіс менің күшімді еселей түсті, - дейді Сергей. - Шақырғандары үшін форум ұйымдастырушыларына ризамын. Өзіміздің ШҚО-ның, аймақтың, еліміздің намысын қорғағаныма қуаныштымын!