Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде «Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялық дамуы жағдайында техникалық кадрларды дайындау мен ағылшын тілін оқытудың заманауи беталысы» атты Халықаралық  конференция, “KazTEA” Қазақстан Республикасының ағылшын тілі пән мұғалімдері мен оқытушылары қауымдастығының «Тәуелсіз Қазақстанның жиырма бес жылдығы: жаңа жетістіктерге ағылшын тілімен бірге» атты XIII жыл сайынғы Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік конференция және инженерлік мамандықтарға арналған ағылшын тіліндегі көкейтесті оқу-әдістемелік әдебиеттер көрмесі өткізіледі. Конференция Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында ресми қатынастар орнатудың 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде өткізіледі. Конференцияға Америка Құрама Штатының Қазақстандағы елшісі Джорд А.Крол мырза қатысады.

Конференция сайты http://do.ektu.kz/conference/ScientificProgram

Конференция