crugstol Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да 100 нақты қадам «Сәйкестік пен біртұтастық» ұлт жоспарының төртінші бағытын жүзеге асыру мәселелерін талқылау өтті. Оған ҚРБҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев, облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Шерубаев, облыстық қоғамдық ұйымдар мен партиялар өкілдері, университетің оқытушылары мен студенттері қатысты.

Сансызбай Жолдасбаев қазір еліміздің барлық аймақтарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 100 тапсырма берген бағдарламалық сөзін түсіндіру жұмысы жүріп жатқанын айтты.

- «Біртұтас болашақ ұлты» төртінші реформасының аясында «Мәңгілік ел» идеялары құндылығы негізінде қазақстандық сәйкестік жөнінде алты қадам анықталады,- деді Сансызбай Елеусізұлы. - Бұл бағыт бойынша шаралар жоспары жасалды. Соған сәйкс белгіленген нақты қадамдарды орындау жолында жұмыс ұйымдастырылады.

Облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Владимир Лопаткин, ШҚМТУ профессоры Лилия Столярова, ағайынды Абдуллиндер атындағы өнер колледжінің директоры Альмира Дүсіпова, «Жас Отан» облыстық жастар қанатының төрайымы Маржан Бақыт, ШҚМУ жастар істері комитетінің төрағасы Самат Байгереев бас институционалдық реформаның іске асырылу барысы туралы әңгімеледі.