Магистратураға қабылдау тәртібі

Магистратураға өтініштерді қабылдау мерзімі 3 - 25 шілде аралығында жүргізіледі

Кешенді тестілеу, шығармашылық емтихандар 8 - 16 тамыз аралығында жүргізіледі.

Қабылдау – 28 тамызына дейін жүргізіледі. 

Магистратураға түсуші тұлғалар:

  • оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;
  • оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші тұлғалар: ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс немесе ағылшын тіліндегі тесттен тұратын кешенді тестілеу тапсырады;
  • шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсуші тұлғалар:
  • 1) шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын анықтауға арналған таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тіліндегі тесттен тұратын КТ;

    2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша екі шығармашылық емтихан тапсырады.

    Магистратураға түсетіндер келесі құжаттарды тапсырады:

  • ұйым басшысы атына өтініш;
  • жоғары білім туралы құжатты (түпнұсқа + көшірмесі);
  • шет тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда);
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  • 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  • кадрлар есебі бойынша, еңбек қызметін дәлелдейтін жеке парағы (еңбек тәжірибесі бар тұлғаларға);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
  • Кешенді тестілеуге қатысу үшін төленген түбіртегі («Қазақстанның Халық банкі» АҚ).

  • phone1 Телефоны для справок: 8 (7232) 540354, 510885.