Қазақ (орыс) тілі

Асавбаева Гульзада Байдрахмановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс көлемінде студенттер қазақ (орыс) тілінің грамматикасын толық меңгеріп, тілдік дағдыларды байытады. Мамандық бойынша лексикалық және терминологиялық минимумды меңгеру. Жеке шағын стильдерге тән коммуникативтік құралдарды дамыту; оқу және тыңдау дағдысы мен іскерлігін дамыту, түрлі ғылыми мәтіндерді, сөзжасам үлгілерін жасауға баулу.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Қазақ (орыс) тілі. Мектеп курсы
  • Қазақ (орыс) тілі. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
реферат
Қорытынды бақылау нысаны реферат
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан. Ол 3 блоктан тұрады: 1 блок-шағын тест (10 мин); 2 блок-терминдерді анықтау (35 мин) және 3 блок - мәтінмен практикалық жұмыс (55 мин). Емтиханның ұзақтығы 1 сағат 40 мин. Емтихан материалы 40% теориялық материалдан 60% практикалық материалдан тұрады, егер қорытынды баға 50% - дан жоғары болса, студент модульді тапсырды деп есептеледі.

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • Бағдарламаның мақсаты қазақ тілінде A2 - деңгейі бойынша қазақ тілін шет тілі ретінде оқитын білім алушыларға 1 біліктілік деңгейіне сәйкес сөйлеу әрекетінің барлық түрлері бойынша коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру арқылы әлеуметтік, мәдениетаралық, кәсіби және қарым-қатынас құралы ретінде қазақ ұлттық мәдениеті тұрғысынан қазақ тілін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету болып саналады.
Міндет
  • Рухани жаңғырудың жалпыұлттық идеясы шеңберінде студенттердің әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған жалпы білім беру пәні; болашақ маманның ұлттық сана мен мәдени код негізіндегі танымын қалыптастыра отырып, әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруде тілдің дәнекер болып табылатынына кӛз жеткізу, еліміздің дамуы жолында еңбек ететін маманның мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, ұлттық жаңғыруды қамтамасыз етуге қабілетті мамандарды даярлауда қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін) білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті кӛлемде білу негізінде тілдік және сӛйлеу құралдарын дұрыс таңдауға және пайдалануға; мәтіннің нақты мазмұнын беруге, олардың тұжырымдамалық ақпаратын қалыптастыруға, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бӛлімдерін сипаттауға; мәтіндегі ақпаратты түсіну, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтікмәдени, қоғамдық-саяси, оқу-кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндерінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін түсінуге;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға; тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға; өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби бағдарлы) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық, лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса алуға қабілетті бола алады.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіби саладағы ресми-іскери, мамандық пен қызметке қатысты тілдік оралымдар (жылдық жоспар, есеп беру түрлері, ақпараттық-талдау анықтамалары, ұсыныстар, нақты мәселеге қатысты ұсыныстар); ғылымикӛпшілік мазмұндағы мақалалар мен хабарламалардың стилі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Оқу-ғылыми коммуникацияның мәтіндерін түсіну. Оқу-ғылыми коммуникация: жазбаша және ауызша ғылыми сөйлеу. Оқу-ғылыми мәтінде ақпаратты баяндау тәсілдері.Оқу-ғылыми дискуссиядағы сөйлеу стратегиялары. Ғылыми және іскерлік риторика негіздерін білу.
Оқыту әдістері

1. Оқу сабақтарын жүргізуде келесі білім беру технологияларын пайдалану қарастырылады: - проблемалы оқыту: студенттердің өзіндік белсенді іс әрекеттерін олардың рұқсаты бойынша ұйымдастыру және проблемалық жағдай жасау, нәтижесінде ойлау қабілеті дамиды, білімді меңгеру, дағдылану, икемділік шығармашылық түрде өтеді; 2. - зерттеулік әдістері: зерделеу мәселелеріне және оның шешу жолдарын іздеу арқылы өз бетімен білімді меңгеру; 3. - ойындық әдістер технологиясы (рөлдік, іскерлік және баска оқыту ойын түрлері): тәжірибелік әрекетте танымдық іс-әрекеттің дамуы, бедгілі икемділік пен дағдылардың қалыптасуы

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Жазбаша тапсырма 0-100
Мәтін құрау
Ауызша жауап
Эссе
Жазбаша жұмыс. Презентация.
Мұражайға саяхат (ақпарат даярлау)
Шағын мәтін құрау.
Аралық бақылау. Ауызша сұрау.
2  рейтинг Суретті сипаттау 0-100
Хабарлама даярлау
Сұхбат құрау
Әңгімелесу
Бейнебаянмен жұмыс
Мәтін құрау
Аралық бақылау. Мінездеме жазу.
Қорытынды бақылау реферат, емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • Қазақ тілінің байлығы, ерекшелігі
  • Мен және қоршаған орта
  • Отбасы - шағын мемлекет
  • Менің университетім
  • Біздің өлке
  • Қоғамдық орындар:мұражай, көрме
  • "Ақылды үй" функциясы
  • Аралық бақылау
  • Климат және жыл мезгілдері
  • Ауа-райы
  • Азық-түлік атаулары, сапасы, шығу мерзімі
  • Студенттік асхана және дәмхана
  • Спорт – денсаулық кепілі
  • Киім – адам көркі
  • Аралық бақылау
Негізгі әдебиет
  • Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу құралы.- Астана, 2017. -282 б.
  • Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О. Қазақ тілі: базалық деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016.
  • Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Базалық деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017.
  • Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Хазимова Ә.Ж., Салыхова Б.О. Қазақ тілі: базалық деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016.
  • Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.
  • Қазақ тілі: деңгейлік оқу-әдістемелік кешенінің негізгі оқулығы (базалық деңгей)/ Ж.Қ. Түймебаев, Қ. Қадашева, Ұ.О. Асанова. -Алматы, 2013. - 208 б.
  • Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014.
  • Орыс бөлімінде оқитын студенттерге арналған «Қазақ тілі-І» және «Қазақ тілі-ІІ» пәніне байланысты «Сандық білім беру ресурстары».– Астана, 2014.
Қосымша әдебиеттер
  • Ақанова Д.Х., Алдашева А.М., Ахметжанова З.Қ., Қадашева Қ., Сүлейменова Э.Д. Ресми-іскери қазақ тілі. Оқулық кешені. Бірінші деңгей. Екінші деңгей. Үшінші деңгей. –Алматы, «Арман -ПВ», 2002 ж.
  • Бизақов С. Синонимдер сөздігі – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.- 640 б.
  • Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007.- 800 б.
  • Қазақ тілі және ұлттық құндылықтар. Кешенді оқу құралы. 1,2,3,4 кітап. – Алматы: Еверо, 2018.
  • Қазақ тілі: үш деңгейлік оқу құралы/ З.Ш.Ерназарова, Е.Е.Тілешов және т.б. - Астана: Арман-Медиа, 2013.- 294 б.
  • Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты. Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері. Қарапайым деңгей. Жалпы меңгеру. ҚР СТ 1926-2015. – Астана, 8. Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама. – Астана, 2016
  • Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н.Уәли, Қ.Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н.Әміржанова, А.Әмірбекова.- Алматы: «Дәуір» баспасы, 2013.- 720б.
  • Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz. emle.kz. terminkom.kz. atau.kz