Автокөлік кәсіпорындарында қозғалыстың қауіпсіздік қызметі

Сипаттама: Студенттердің «Автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздік қызметі» пәнін оқуы жалпы тасымалдау жүйесінде және атап айтқанда автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету саласында білім алу, кәсіпорын жүргізушілерінің қатысуымен ЖКО деңгейін төмендету үшін қажет.

Кредиттер саны: 5

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты – автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағында теориялық білімдерін және практикалық тәжірибелерін меңгеру, мамандардың болашақ кәсіби қызметінде жылжымалы құрамды қолданудың қауіпсіздігін және тиімділігін жоғарылатуға ықпал жасайтын іс–шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Міндет
  • Пәнді оқыту студенттерге кәсіби қызметтің келесі типті тапсырмаларын шешуге ықпылын тигізеді: - автокөлік кәсіпорнында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді кешенді қарауды қалыптастыру; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін анықтайтын негізгі қағидаларды және көлік саласының жұмысшылары тәжірибелік қызметтерінде басшылыққа алуға міндетті негізгі нормативті құжаттарды меңгеруі.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Курсты оқытудың нәтижесінде студент білуге тиіс; - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талаптарды; - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты негізгі нысандарды, құбылыстарды және үрдістерді; - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз бойынша қызметтің негізгі бағыттары; - автокөлікте қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шет елдік және отандық тәжірибе және оның дамуының келешегі; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заңдық және нормативтік базаның негізі; - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз қамтамасыз ету қызметінің негізгі жұмыстары мен тапсырмалары;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Қолдана алу іскерлігі: - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша талдау әдістерін және инженерлік және басқару шешімдерін қабылдау; - қозғалыс қауіпсіздік кабинетінің жұмысын ұйымдастыру; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша инженерлік–техникалық құралдарды; - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспар құрастыру.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі әдістерін, тәсілдерін және іс-шараларды жоспарлаумен жүзеге асырудың құралдарын қолдана алу қабілеті; - қауіпсіздіктің берілген деңгейінде көліктік үрдістерді басқарудың тиімді жағдайларын таңдай алу қаблеті; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету аумағында алдыңғы қатарлы, салалық, салааралық және шетелдік тәжірибені қолдана алу қабілеті - қозғалыс қауіпсіздігі және еңбек жағдайын қоса көлік саласында әрекетті, заңдық актілерді және техникалық норматтивтерді қолдана алу қабілеті;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • - автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру қабілеті; - ұжымды басқаруда әлеуметтік-психологиялық негіздерді қолдана алу қабілеті; - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша заң аумағында құзіретті болу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Автокөлік кәсіпорындарында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс шараларды ұйымдастыру
Негізгі әдебиет
  • 1. Пугачев И.Н., А.Э. Горев, Олещенко Е.М. Организация и безопасность дорожного движения: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений, 2009. – 272 с 2. Закон Республики Казахстан «О дорожном движении» (17 апреля 2014 года). 3. Методическое пособие по курсу подготовки специалистов по безопасности дорожного движения на автомобильном транспорте Москва 2000. Под общей редакцией директора Государственного научно-исследовательского института автомобильного транспорта Венгерова И.А.