Жерге орналастырудағы және кадастрдағы геодезиялық жұмыстар
Апшикур Байтак
Сипаттама: Бұл курс жерге орналастыруды және кадастрды жүргізу кезінде инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүргізу кезінде қазіргі заманғы әдістер мен құралдарды; тірек аралық желіні құру әдістерін, кадастрлық карталарды (пландарды), берілген ауданы бар жер учаскелерін жобалау әдістерін және осы учаскелердің шекарасын нақтыға шығаруды қарастырады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Геодезия
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
курстық жұмыс | |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Студенттерге келесі аталған пән бөлімдері туралы түсінік білім беру:
- - ізденіс жұмыстары, жерге орналастыруды жобалау және жерді кадастрлық бағалау барысында жүргізілетін, топографиялық негіздерді құру барысында орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың құрамы және мазмұны туралы;
- -жобаны нақтыға көшіру, шығару әдістері туралы;
- - теодолиттік және нивелирлік жүрістерді салу, топографиялық түсіріс өндірісі, геодезиялық тірек торларын тұрғызу туралы әдістері туралы;
- - жер телімдерінің ауданын анықтау әдістері туралы;
Міндет
- - жер бөліктерінің аудандарын есептеудің іс жүзіндік тәжірибесі; - жерге орналастырудың әртүрлі есептеулерін шешу үшін қажетті жергілікті жердің топографиялық картасын қайта түзетуге және құрастыру; - инженерлік –геодезиялық өндірісте пайдаланылатын геодезиялық аспаптармен құралдарды пайдалануды игеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Әртүрлі топографиялық-геодезиялық жұмыстардың мазмұны және құрамы.
- Жерге орналастыру және кадастр жұмыстарын геодезиялық қамтамасыздандырудың өндірістік әдісі.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Білімі:
- -топографиялық картамен план бойынша графикалық және есептік сипаттағы тапсырмаларды шешу;
- -жер телімінің ауданын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын шығару және қалпына келтіруді анықтау және тәсілін таңдау;
- Жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарда межелеу және инвентаризациялауды жүргізу барысындағы топографиялық-геодезиялық жұмыстардың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпараттарды талдау, негізделген пікір айта білу және жер аудандарын жобалау, нақты жер бетінде жер шекарасын қалпына келтіру, нақтыға көшіру тәсілдері туралы негізделген қортынды жасай алу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - кешенді мәселелерді шешу барысында ұжым мүшесі ретінде және жеке тұлға ретінде жауапкершілікпен құзіреттілікті бөлісумен тиімді жұмыс істей білу;
- Ұжымда ұйымдастыру-басқару функциясын орындау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - жерге орналастыру және кадастр мәселелерін геодезиялық аспаптармен құралдардың көмегімен шешу;
- - жерге орналастыру және кадастр жобасын нақтыға көшіру барысындағы инженерлік-геодезиялық есептеулер.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Жерге орналастырудың пәні мен міндеттері
- Жерге орналастыру түрлері, олардың жіктелуі және міндеттері
- Жер учаскесін таңдау кезеңінде орындалатын жұмыстар
- Түсірілімдерді түзету
- Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар кезінде пайдаланылатын пландық-картографиялық материалдар Далалық жұмыстар
- Камералдық жұмыстар
- Жер учаскелерінің ауданын есептеу
- Жер және қалалық кадастрдағы геодезиялық жұмыстар
- Геодезиялық, жерге орналастыру және кадастрлық жұмыстарды куәландыру
- Қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып топографиялық пландар мен карталарды жаңарту
- 1:5000, 1:2000, 1:1000 және 1:500 масштабтарындағы топографиялық түсіру
- Жерге орналастыру жобаларын геодезиялық қамтамасыз ету
Негізгі әдебиет
- Б. Апшикур., Калигожина Ж.К. Жерге орналастырудағы геодезиялық жұмыстар: әдістемелік оқу құралы 5В071100 «Геодезия және картография», 5В090300 «Жерге орналастыру», 5В090700 «Кадастр» мамандықтарындағы (бакалавриат) күндізгі және сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. / ШҚМТУ баспасы.-Өскемен, 2018.- 160 бет.
- Основные положения об опорной межевой сети. М.,2012 г.
- Методические рекомендации при проведении межевания объектов землеустройства. М., 2011 г.
- Методические рекомендации по проведению землеустройства при образовании новых и упорядочении существующих объектов землеустройства. М., 2013г.
- Маслов А.В., Юнусов А.Г., Горохов Г.И. Геодезические работы при землеустройстве. – М.: Недра, 2013
- Геодезические работы при землеустройстве: метод. указания к лабораторным работам по направлению подготовки 21.03.02 «Землеустройство и кадастры» / Е.С. Денисова. – Пенза: ПГУАС, 2016. – 34 с.
- Волков С.Н. Землеустроительное проектирование Т 2, 3. - М.: Колос, 2011
- Ципинова Б.С.Геодезические работы при землеустройстве. Учебно-методическое пособие. – Майкоп, 2016.
Қосымша әдебиеттер
- Коротеева Л.И. Земельно-кадастровые работы. Технология и организация: Учебное пособие. - Ростов н/Д : Феникс, 2007 - 158 с.
- Аврунев Е.И. Геодезическое обеспечение Государственного кадастра недвижимости. - Новосибирск: СГГА, 2010. – 144 с.
- Ермаков В.С., Загрядская Н.Н., Михаленко Е.Б., Беляев Н.Д. Инженерная геодезия. Землеустройство. - СПб.: Изд-во СПбГТУ, 2001. - 104 с.
- Черданцев Б.Н. Введение в специальность "Прикладная геодезия": Учебное пособие. - Томск: Издательство ТГАСУ, 2015. - 80 с.
- Курошев Г.Д., Смирнов Л.Е. Основы геодезии и картографии: Учеб. пособие. СПб.: Изд-во СПбГУ, 1994.
- Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5000, 1:2000, 1:1000 и 1:500. М.: Недра, 1985.