Машиналық сызба
Мелкозёрова Людмила Яновна
Сипаттама: Компас-3D бағдарламасын меңгеруге бағытталған, осы бағдарламаны оқығаннан кейін студент түрлі тақырыптағы сызбаларды сызып, бірге жүретін құжаттарды жасай алады, сондай-ақ әртүрлі жобаларды жасау үдерісін автоматтандыру мүмкіндігін компоненттерді: үш өлшемді қатты денені модельдеу жүйесін, «Компас-График» әмбебап автоматтандырылған жобалау жүйесін және құжаттама жасау модулін пайдалана отырып меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Инженерлік графика
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | |
Практикалық жұмыстар | 45 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәндерді оқып-үйрену мақсаты студенттерді жобалау жұмыстарының өнімділігін үш-төрт есеге арттыратын компьютерлік дизайн саласындағы соңғы жетістіктермен таныстыру болып табылады. Пәндерді оқудың түпкі мақсаты - жобалық құжаттаманы енгізу кезінде АЖЖ пайдалану бойынша білім, дағдылар мен қабілеттерін дамыту.
Міндет
- Графикалық бағдарламаларды меңгеру. Дененің геометриялық қасиетін оның жазықтықтағы кескіні бойынша сызуды үйрену; - 3D форматында жұмыс жасау
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Графикалық пәндер түлектердің жоғары білікті болуына, кең көз қарас пен инженерлік ойдың қалыптасуына әсер етеді; қоғамдық қағидаларға негізделген құндылықтар, және өзінің кәсіби қызметінде оларға бейімделуі; конструкторлық құжаттар жасау заңдылықтары мен графикалық бағдарламалар туралы ғылыми түсініктер алу; мемлекеттік стандарттарды білу - графикалық бағдарламалармен танысу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Негізгі білімді әртүрлі конструкторлық шешім табу жағдайында қолдана білу; күнделікті қажетті кәсіби деңгейді көтеру және білімді жалғастыру мен жетілдіру үшін жорамалдар ұсыну - қазіргі заман талабына сай ақпараттықтар мен бағдарламаларды қолдану; графикалық бағдарламаларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Бірлесе жұмыс істей алу, өзінің көзқарасының инабатты түрде қорғау, жаңа шешімдер ұсыну.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Қауымдастықтың пікірімен санасу, дұрыс шешім қабылда;. іскер этиканің қағидаларын сақтау; этикалық және адамгершілік қағидаларды білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кәсіби қызыметте қажет болатын жаңа бағдарламаларды меңгеру (курстық жұмыстар мен диплом жобасын жасау үшін) білімін ары қарай жетілдіру
Практикалық сабақтардың тақырыптары
- CAD жүйелермен танысу
- Жергілікті және жаһандық байланыстыруларды қолдану
- Сызба командаларын игеру
- Сызбаны қарапайым өңдеу
- Күрделі редакциялау
- Түрлердің жағдайын басқару
- Қолданбалы кітапханалармен жұмыс (жалпы мәліметтер)
- Кестелермен жұмыс
- Оңтайлы жүйені орнату
- CAD жүйелерінде құрастыру сызбасын құру
- Компас-3D-де модельдеудің жалпы принциптері, негізгі жұмыс әдістері
- CAD жүйелеріндегі 3D модельдер негізінде ассоциативті сызбаларды құру; түрлер туралы түсінік, түрді басқару, секция құрылысы
- Қосымша модельдеу мүмкіндіктері: бөлімдер бойынша элементтер құру, шаблонға сәйкес 3 өлшемді модель құру; эскиздер кітапханаларын пайдалану
- Модельдерді операциямен құру: сығу, айналу, қималар бойынша, кинематикалық
- Үш өлшемді құрастыру
Негізгі әдебиет
- 1.Потемкин А. Инженерная графика. Просто и доступно, М., «Лори»,2011,492с. 2 Мелкозёрова Л. Я. МАШИННАЯ ГРАФИКА: Конспект лекций для студентов дневной и заочной форм обучения / ВКГТУ. Усть-Каменогорск, 2009, 58 с.. 3 ЕСКД. Общие правила выполнения чертежей,М.,1988г.,268с. 4 ЕСКД. Основные положения, М., 1984г., 341с.