Компьютерлік графика және 3D-моделдеу

Есполова Зухра Аблкасымовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Қазіргі кезде өнеркәсіптік кәсіпорын немесе конструкторлық бюроларды компьютерсіз, конструкторлық құжаттарды жасауға және түрлі бұйымдарды жобалауға қажетті арнайы бағдарламаларсыз көзге елестету мүмкін емес. Осы салаларда есептеу техникасын қолдану өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Машинамен жобалауға көшу конструкторлық және технологиялық құжаттарды жасау мерзімдерін қысқартады, сол арқылы жаңа бұйым өндіруді бастауды жылдамдатады. Дәл осындай жағдай білім беруде де байқалады. Қазір студенттерді оқытуда жоғары және арнайы оқу орындары компьютерлік техниканы қолдануға үлкен мән беруде. AutoCAD 2016 бағдарламасын жобалауда қолдану тәсілдерін көрсету мақсатында - істің тәжірибелік жағына үлкен мән бере отырып, мысалдар келтіре отырып, типтік сызбаларды, тетікбөлшектердің сызбаларын орындауды көрсету мақсат етілді.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Инженерлік графика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • «Компьютерлік графика және 3D модель» курсының негізгі мақсаттары: - негізгі геометриялық заңдылықтар бойынша оқыту, проекция жазықтарына бөлшектердің модельдердін сызуларын КҚБЖ стандарттарымен орындау және бейнелерді оқуды үйрету, кеңістіктегі пішіндерді талдау және сараптау, графикалық модельдерді бейнелеу тәсілдерін оқыту, қолданылатын әдебиеттермен, стандарттармен және анықтамалармен таныстыру және олармен казіргі кездегі машинамен орындау тәсілдерімен жұмыс істеуді үйрету. Теориялық білімдерді белсенді практикаға пайдалануды дағдыландыру. «Компьютерлік графика» бағдарламалардың аспапты және бағдарламалы жабдықтарымен және графикалы диалогпен AutoCAD жүйесінің редакторлары арқылы жұмыс істеу. Студенттерді дұрыс сызуды және сызуларды инженерлік графика тілінде дұрыс оқытуды үйрету.
Міндет
  • «Компьютерлік графика және 3D модель» бағдарламалардың аспапты және бағдарламалы жабдықтарымен және графикалы диалогпен AutoCAD жүйесінің редакторлары арқылы жұмыс істеу. Студенттерді дұрыс сызуды және сызуларды инженерлік графика тілінде дұрыс оқытуды үйрету. Пәннің негізгі міндеттері: - конструкторларды, инженерлерді заман талабына сай оқыту әдістемелерін талап етуші құрастырудың жаңа технологияларына көшуде құрастырудың жаңа құралы ретінде компьютерлік графика басты орынды алады; - өндірістік және жобалық – құрастыру қызметінде қажетті кеңістіктік көзқарасты дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Білім алушылар білуге тиіс: - Графиктік жүйе режимінде сызба-конструкторлық құжаттар жасау тәсілдерін білуі тиіс; AutoCAD графикалық жүйесінде материалдарды өңдеудің және даярлаудың тәсілдерін. Дағдылары: - екіөлшемді кескіндер және суреттер жасау бойынша жұмыстар орындау, - сызбаның қатты көшірмелерін алу, - алынған кескіндерді редакциялау, - көлемдік пішіндер жасап, оларды өңдеу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Құзыреттері: – кәсіби қызметте пәндердің негізгі заңдарын қолма-қол бейімдеу қабілеті, зертханалық және эксперименттік зерттеулерді орындау кезінде заманауи ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану қабілеті; – компьютерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Графиктік жүйе режимінде сызба-конструкторлық құжаттар жасау тәсілдерін білуі тиіс; AutoCAD графикалық жүйесінде материалдарды өңдеудің және даярлаудың тәсілдерін.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіби қызметте пәндердің негізгі заңдарын қолма-қол бейімдеу қабілеті, зертханалық және эксперименттік зерттеулерді орындау кезінде заманауи ақпараттық технологияларды, математикалық анализ және үлгілеу әдістерін қолдану қабілеті; – компьютерлік графикадағы іргелі және ең соңғы жетістіктерді қолдану қабілеті; – өндірістік жағдайда ұйымдастырушылық-басқарушылық шешімдер табу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Дағдылары: - екіөлшемді кескіндер және суреттер жасау бойынша жұмыстар орындау, - сызбаның қатты көшірмелерін алу, - алынған кескіндерді редакциялау, - көлемдік пішіндер жасап, оларды өңдеу.
Оқыту әдістері

қу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді - интерактивті дәріс (слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - оқу міндеттерін шешу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Тақырып 1 AutoCAD іске қосыңыз
  • Тақырып 2 Негізгі параметрлерді орнату
  • Тақырып 3 Қабаттармен жұмыс
  • Тақырып 4 Күрделі сызбаларды құру (Монж эпюрі)
  • Тақырып 5
  • Тақырып 6 Суретті өңдеу
  • Тақырып 7 Аксонометриялық проекциялар
  • Тақырып 8 Суреттер - түрлері, ГОСТ 2
  • 9-тақырып Изометриялық сурет салу режимі
  • Тақырып 10 Суреттегі кескіндерді орындау ережелері
  • Тақырып 11 Жалпы сызбаларды орындаудың негізгі ережелері
  • Тақырып 12 Сызбаларында өлшемнің ерекшеліктері
  • Тақырып 13 AutoCAD-та бөлшектер салудың негізгі ережелері
  • Тақырып 14 Материалдарды графикалық белгілеудің негізгі командалары ретінде толтыру және көлеңкелеу
  • 15 тақырып Жалпы көрініс сызбаларындағы белгілер
Негізгі әдебиет
  • AutoCAD 2000/Э.Т.Романычева, Т.М.Сидорова, С.Ю.Сидоров. – М.:ДКМ, Радио и связь, 2000 2. В.П. Большаков. Инженерная и компьютерная графика. Практикум- СПб.: БХВ-Петербург, 2004.-592 с.