Докторантураға түсуге арналған құжаттар тізбесі:

Докторантураға түсуші тұлғалар:

  • шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттарын ұсынады;
  • университетте докторантура білім беру бағдарламасының тобы бойынша түсу емтиханын тапсырады;

Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қабылданады.

Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды тапсырады:

  • ұйым басшысының атына өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
  • білімі туралы құжатты (түпнұсқа және көшірмесі);
  • болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі.
  • шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатын;
  • ағылшын тілі: Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm - Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг программ (TOEFL ITP (ТОЙФЛ АЙТИПИ) – кемінде 138 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм) Internet-based Test (Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 32), Test of English as a Foreign Language Paper-based testing (TOEFL PBT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер бэйсед тэстинг)) шекті балл – кемінде 400,  Test of English as a Foreign Language Paper-delivered testing (TOEFL PDT (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж пэйпер деливерэд тэстинг)) – шекті балл – кемінде 47), International English Language Tests System (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем (IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 4.5);
    неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau В2/В2 деңгейі), TestDaFPrufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/В2 деңгейі);
    француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise - Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise - Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais - Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 400 балл).
  • 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
  • 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;
  • кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжатты;
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімін (бар болған жағдайда).

phone1 Анықтама тел.: 8 (7232) 540354, 510885.