«VERITAS» артықшылық орталығы

«VERITAS» артықшылық орталығы Шығыс Қазақстан облысының жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарында өндіріс үшін жаңа өнім түрлерін әзірлеуге бағытталған, Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ КЕАҚ мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламасын орындау үшін құрылған.

Орталықтың миссиясы – заманауи технологиялық процестерді әзірлеу мен енгізу арқылы экономиканың жоғары технологиялық секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, әлемдік деңгейден кем түспейтін ғылыми зерттеулер жүргізу.

  • Жаңа өндірістерді құруды және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыртуды қамтамасыз ететін ғылыми зерттеулер мен технологиялық әзірлемелерді жүргізу; тиімділігі жоғары, заманауи технологияларды енгізу;
  • Орталық мамандарының жетекшілігімен заманауи ғылыми жабдықтар негізінде жоғары білікті мамандар мен кадрларды (студенттер, магистранттар, докторанттар) даярлау;
  • Заманауи ғылыми жабдықтарды пайдалана отырып, ұйымдарға қызмет көрсету және қызмет көрсету саласын дамыту;
  • ШҚО инновациялық жүйесін қалыптастыруға және ғылымды қажет ететін шағын бизнесті құруға қатысу;

Орталықтың құрылымы