Мемлекеттік сатып алу бөлімі

Мемлекеттік сатып алу бөлімі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бірінші проректорға бағынады.

Мемлекеттік сатып алу бөлімі өз жұмысында басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы әрекеттегі заңнамасын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген мемлекеттік стаып алуды жүргізу ережесін;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін
  • Қазақстан Республикасының басқа да нормативті құқықты актілерін;
  • университет ректорының бұйрықтарын, өкімдерін;
  • ШҚТУ әрекет ететін нормативті құжаттарды;
  • Мемлекеттік сатып алу туралы ережені
  • бірінші проректор өкімдерін
  • ШҚТУ Ішкі еңбек тәртібі ережесін;

Мемлекеттік сатып алу туралы әрекеттегі заңнамаға, сол сияқты Қазақстан Республикасы азаматтық кодексіне сәйкес белгіленген тәртіпте іске асатын, ШҚТУ жарғылық қызметіне сәйкес оқу үдерісін қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу мемлекеттік сатып алу бөлімінің басты міндеті болып табылады.