«Университет» ситуациялық-талдамалық орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және істер мен қызметкерлер басқармасының құрамына кіреді.
«Университет» ситуациялық-талдамалық орталығының жұмысы университет қызметін мониторингілеу және Университеттің стратегиялық даму бағдарламасын орындауға жәрдемдесетін басқарушылық шешімдерді ақпараттық-талдамалық қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
«Университет» ситуациялық-талдамалық орталығының құрамында өз қызметін жүзеге асырады :
- Меделханова Назира Меделханқызы - жоғары біліктілік деңгейдегі маман;
- Горковенко Роман Игоревич - орташа біліктілік деңгейдегі маман;
«Университет» ситуациялық-талдамалық орталығы орындайтын неғұрлым маңызды міндеттер:
- Университеттің стратегиялық даму бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесетін басқарушылық шешімдер қабылдауды ақпараттық қолдау;
- Университеттің академиялық, ғылыми-инновациялық, қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты бизнес үдерістерін шұғыл түрде мониторингілеу;
- Ситуациялық-талдамалық орталыққа келіп түскен ақпарат негізінде ақпараттық ресурстарды пайдаланатын адамдарды ағымдық ақпараттандыру;
- Университеттің құрылымдық бөлімшелеріне ақпараттық қолдау көрсету.