«Терең білім – тәуелсіздік тірегі» атты мемлекеттік тілді білуден университетішілік олимпиада екі турда өткізілді. Бірінші турда 12.12.13 ж. күні студенттер диктант жұмысын орындады, қатысқан студенттердің саны – 10.
Бірінші турдың мақсаты: студенттердің жазу сауаттылығын арттырып, орфографиялық дағдыларын қалыптастыру.
Бірінші тур қорытындысы бойынша екінші турға қатысатын 4 студент іріктелді: Никифоров Сергей – 12-ГМ-1; Столярова Светлана – 13-ВР-1; Отставнов Артур – 13-АР-2; Божаев Тимур – 13-ГМ-1
Екінші тур 13.12.13ж. күні өтті. Екінші тур төмендегідей төрт тапсырмадан тұрды:
1. «Тегін білу – тектілік»
Қатысушының сәлемдесіп, өзін мемлекеттік тілде таныстыруы.
Талаптары:
- қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысы;
- тапқырлығы;
- ой-өріс кеңдігі.
2. «Мың бір мақал» мақал-мәтел сайысы (Отан, тіл, білім, достық, еңбек тақырыптарында).
Талаптар:
- тапқырлығы;
- шапшаңдығы;
3. «Тіл майталманы» ұсынылған затты мемлекеттік тілде қысқаша сипаттап айтып беру (қазақ халқының киім-кешегі, зергерлік бұйымдар, тұрмыста қолданылатын заттар, қазақтың музыкалық аспаптары).
Талаптар:
- қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысы;
- тақырыптың ашылуы;
- ой-өрісінің кеңдігі.
4. «Кім көп сөз біледі?» берілген сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрау сайысы
Талаптары:
- сөздердің қазақ тілінде сауатты құралуы;
- шапшаңдығы.
Әділқазылар алқасының құрамы:
Әділқазылар алқасының төрайымы: филология ғылымдарының кандидаты, кафедраның аға оқытушысы Оқушева Гүлсум Қапасқызы.
Әділқазылар алқасының мүшелері:
- кафедраның аға оқытушысы - Әділбаева Жайнагүл Дүсіпқанқызы;
- кафедраның аға оқытушысы - Бақынова Нұргүл Асанқызы;
Олимпиадаға қатысқан студенттер өз білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Олимпиаданың әрбір тапсырмасы бойынша сайыскерлер өзара әңгіме жүргізді, сұрақтарға жауап берді, әсіресе «Тіл майталманы» атты сайыста ұсынылған затты сипаттауда қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысын, тақырыптың ашылуын, ой-өрісінің кеңдігін жан-жақты көрсете білді.
Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды:
Бірінші орын:
Никифоров Сергей 12-ГМ-1 (дайындаған оқытушы – Бакиева А.К.)
Екінші орын:
Проскурина Ксения 11-БМ-1 (дайындаған оқытушы – Байбатанова Ф.И.)
Үшінші орын:
Отставнов Артур 13-АР-2 (дайындаған оқытушы – Бакынова Н.А.),
Божаев Тимур 13-ГМ-1 (дайындаған оқытушы – Бакиева А.К.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019