Университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында мемлекеттік тілді білуден өткен «Бір Отан, бір тіл - Тәуелсіз Қазақстан» атты олимпиада 27.12.2014 жылы Г-2-306 дәрісханада өтті. Қатысқан оқытушылардың саны – 5. Олар:

  • Сәулет-құрылыс факультетінің «Су-ауа басейінін тиімді пайдалану және жылу газбен қамту» кафедрасының аға оқытушысы – Еремеева Юлия Николаевна.
  • Машинажасау және көлік факультетінің «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының 2-курс магистанты – Ким Алина Игоревна.
  • Сапа менеджмент жүйесі департаментінің әдістемелік ұйымдастыру бөлімінің инженері –Тютюнькова Татьяна Владимировна.
  • Сәулет-құрылыс факультетінің «Орман қорлары, ағаш өңдеу және қайта өңдейтін өндірістердің технологиясы» кафедрасының оқытушысы, факультет деканының ғылыми жөніндегі орынбасары – Лутай Сергей Сергеевич.
  • Экономика және менеджмент факультетінің «Экономика мекемеде» кафедрасының магистранты – Пожидаева Лилия Сергеевна.

Олимпиада төрт тапсырмадан тұрды:

  • «Тегін білу - тектілік». Қатысушының сәлемдесіп, өзін мемлекеттік тілде таныстыруы. Талаптары: қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысы; тапқырлығы; ой-өріс кеңдігі.
  • «Салт - дәстүрді білесіз бе?». Салт-дәстүрге байланысты көрініс көрсету. Талаптары: саханада өзін-өзі ұстауы; киім үлгісі; өз ойын жеткізе білуі.
  • «Егеменді елдің – тұңғыш президенті». Егемендік пен тұңғыш президентке байланысты қойылатын сұрақтарға жауап беру. Талаптары: берілген жауаптың дәлдігі; қазақ тілінде сауатты сөйлей білуі.
  • «Өнерлі өрге жүзер» Үй тапсырмасы. Әр қатысушы өз өнерін көрсетеді (ән, би, өлең оқу). Талаптары: әртістік қабілеті; саханада өзін-өзі ұстауы; орындау шеберлігі.

Әділқазылар алқасының құрамы:

Қазылар алқасының төрағасы: Айтқұлов Досмұрат Қылылбиұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, университеттің бірінші проректоры.

Әділқазылыр мүшелері: Злобин Бақыт Николайович – әлеуметтік мәселелер және тәрбие жөніндегі департамент директорының орынбасарының міндетін атқарушы.

Конарбаева Айгуль Курмангалиевна – қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының аға оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты.

Олимпиадаға қатысқан оқытушылар өз білімдерін ортаға салды. Олимпиаданың әрбір тапсырмалары бойынша сайыскерлер сұрақтарға жауап берді, әсіресе «Салт-дәстүрді білесіз бе?» атты сайыста әр сайыскер қазақ халқының салт дәстүрін қаншалықты білетіндіктері жайында айтып берді.

Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегідей жүлделі орындар анықталды:

Бас жүлде: Еремеева Юлия Николаевна

Бірінші орын: Ким Алина Игоревна

Екінші орын: Тютюнькова Татьяна Владимировна

Үшінші орын: Пожидаева Лилия Сергеевна, Лутай Сергей Сергеевич.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019