2013 жылдың 16-23 қыркүйек аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін көтеру мақсатында қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасында «Тіл – халық жанын танудың кілті» тақырыбында тілдер апталығы болып өтті. Тілдер апталығының алдына қойған негізгі міндеттері:

- мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын студенттер арасында кеңінен насихаттау;

- мемлекеттік тілдің практикалық маңызын көрсету;

  • поэзияға, көркем әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, ақын-жазушылардың шығармашылығымен таныстыру;
  • облыстық олимпиадаға, көркемсөз оқу шеберлерінің сайысына студенттерді іріктеу.

Тілдер апталығында бірнеше ісшаралар ұйымдастырылды. 16 қыркүйекте Г-2-306 дәрісханада, сағ.11.40-та тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ, орыс тілдері және ісқағаздары кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жанәбілова Айжан Кеңесқызы құттықтау сөзімен ашты.

17 қыркүйек күні сағ. 12.55-те, Г-2-306 дәрісханада сауаттылар сайысы болып өтті. Сайысты ф.ғ.к., аға оқытушы Г.К.Окушева, оқытушы А.Б.Абилмажинова өткізді. Сауаттылар сайысына бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Олар сайыстың шарты бойынша диктант жұмысын жазды. Жалпы сайысқа қатысқан студенттердің саны 20. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаз студенттер мақтау қағазымен марапатталды.

Бірінші орын: 1. Закешева Ақбота (13-РТК-1) жетекшісі Г.К.Окушева;

Екінші орын: Рахимов Саят (13-ЭЛК-1) жетекшісі Р.П.Дронсейка, Советова Айым (13-РТК-1) жетекшісі Г.К.Окушева, Кивалагова Дарья (12-БМ-1) жетекшісі А.Б.Абилмажинова;

Үшінші орын: Айткурмашева Жасмин (13-МКК-1) жетекшісі Г.К.Окушева, Сарсенбаева Данара (13-МКК-1) жетекшісі Г.К.Окушева, Гущина Ирина (12-БМ-1).

17 қыркүйек күні Г-2-306 дәрісханада «Ел іші – алтын бесік» атты тақырыпта көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы болып өтті. Сайысқа жауаптылар аға оқытушы Ш.Т.Қуаныш пен ф.ғ.к., аға оқытушылар Г.Қ.Окушева, Г.Б.Асавбаева болды. Сайысқа 14 студент қатысты. Сайысқа қазақ топтарында оқитын студенттер және орыс топтарында оқитын өзге ұлт өкілдерінің бірінші, екінші курс студенттері қатысты, олар сайыстың шарты бойынша таңдап алған шығармаларын жатқа білулері қажет болды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстай білуіне, әртісік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударулары керек болды. Әділқазылар алқасының құрамында: Г.Б.Асавбаева, А.Б.Абилмажинова, Н.А.Бақынова, Ж.Д.Адильбаева болды.

Сайыс қорытындысы бойынша келесі студенттер мақтау қағазымен марапатталды:

Бірінші орын: Закешова Ақбота (13-РТК-1), жетекшісі Г.К.Окушева, Чотбанова Назерке (13-ГДК-1), жетекшісі Р.П.Дронсейка, Аймухамбетова Айжан (13-БЖ-1) жетекшісі Ш.Т.Қуаныш, Морозов роман (12-Гд-1) А.Қ.Қонарбаева;

Екінші орын: Биахметова Мөлдір (13-ЭЛК-1), жетекшісі Г.К.Окушева, Советова Айым (13-РТК-1), жетекшісі Г.К.Окушева, Қамбаров Еділжан (12-Тф-1) жетекшісі А.К.Бакиева;Үшінші орын: Аққазина Назерке (13-ЭЛК-1) жетекшісі Г.Қ.Окушева, Қайырды Ғайния (12-ТФ-1) жетекшісі А.К.Бакиева, Сақалбаев Ерасыл (12-СИ-1) жетекшісі А.К.Қонарбаева.Төлегенов Данияр (13-ЭЛК-1) жетекшісі Р.П.Дронсейка, Ахмадиев Еламан (13-ЭЛК-1) жетекшісі Р.П.Дронсейка алғыс хаттармен марапатталды

20 қыркүйек күні сағ.14.00-ден бастап Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің мерекесі шеңберінде «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тақырыпта қабырға газетінің сайысы өткізілді. Қабырға газеті сайысына жауаптылар болып, оқытушылар Ф.И.Байбатанова, А.К.Бакиева тағайындалды. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Қабырға газетінің негізгі шарты оның мазмұндылығы, жаңашылдығы, сауаттылығы, көркемдігі және тақырыптың ашылуы. Бағалау комиссиясының құрамына оқытушылар Н.А.Бакынова, А.Б.Абилмажинова кірді. Сайыстың қорытындысы бойынша төмендегі топтар марапатталды:

Бірінші орын: 13-БФ-1 тобы жетекшісі Ф.І.Байбатанова;

Екінші орын:13-ТМ-1 тобы жетекшісі А.К.Бакиева, 12-МБ-1 тобы жетекшісі А.Б.Абаилмажинова;

Үшінші орын: 13-РТ, МК-1, 13-СИ-1 жетекшісі А.К.Бакиева, 13-ТДК-1 жетекшісі Ф.І.Байбатанова.

Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 23 қыркүйек күні сағ.11.40-та, Г-2-306 дәрісханада өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан студенттер, қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының меңгерушісі А.К.Жанәбілова және барлық кафедра оқытушылары қатысып, жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019