2012 жылдың қарашаның 24-нде университетте қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай» клубының мүшелерінің қатысуында «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі бойынша әдеби-сазды кеш өтті.
Кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Жанабилова Айжан Кеңесқызы жазушы Оралхан Бөкейдің шығармашылығы туралы баяндама жасады. Жазушының өміржолдары мен шығармашылығын баяндайтын слайд көрсетілді. Әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Ж.Д.Назбиев жазушы Оралхан Бөкей туралы кіріспе сөз сөйлеп, кешті ашты.
Кешті жүргізуші (12-ТДК-1) Түсіпов Әлияр мен (12-ТДК-1студенті) Бексұлтанова Әйгерім «Өр едің, өр Алтайдай, тірегім ең» деген өлең жолдарымен бастады.
Ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Ақ Ертіс» журналының редакторы С.Ғабдуллин мен Оралхан Бөкейдің әріптес-досы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның журналистер Одағының мүшесі, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Әділбаевтің жазушы Оралхан Бөкей туралы естеліктерін айтты. Танымал кинорежиссер Анатолий Лаптев
11-УДК-1 тобының студенті Ақан Ерасыл Елбасына арнаған өлеңін алғаш рет орындап, әдебиет сүйер қауымға жүректен шыққан жырынан шашу шашты.
С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйінің сазында повестен үзінді оқыған Ержанқызы Айдана (12-БУК-1), Рамазанова Альбина (12-ТДК-1) Жұмағазинова Шолпан (11-УДК-1) сазды дауыстарымен Шығыстың табиғатын мөлдіретіп көз алдыңа әкелсе, ал Әбдеханов Ерасылмен (12-ТДК-1), Тілектің, Қамбаров Еділжанның (12-ТД-1) монологтарынан өр дауысты Оралханның өз үні естілгендей болды.
«Қайдасың, қасқа құлыным?» повесінен қойылған көріністе Мұзтаудың ұшпа басынан шырқырай кісінеген құлынын көрген Ораштың (12-ТДК-1 Түсіпов Әлияр) бейнесі, әкесімен табысатын Қаршыға (Кеңесбеков Азамат11-РТ-1) мен балаларына айында, жылында бір көрінетін киелі шыңды көрсеткен бақытты әке бейнесі (Ақашев Нұртас11-РТ-1) көрсетілді.
Ақан Ерасылдың орындауында Оралханның сүйікті әні «Бір бала» әні тыңдалды. 2012 жылғы мемлекеттік тілді меңгеру бойынша өзге ұлт өкілдері арасындағы болған облыс әкімі жүлдесінің бас жүлдегерлері – Бердюгина Анастасия 11 - , Спрягайло Тимур 11 – ТФ және Никифоров Сергейдің орындауында «Ұлы Қазақстан даласы!» әні орындалды.
Жас ақындар Өжет Аршын «Оралхан Бөкейге» арнауын, Тұрғанбекова Айым «Ұлы Алтай перзенті» өлеңін, Жұмагазинова Шолпан (11-УДК-1) «Оралханға» арнауын, Бексейітова Әйгерім «Оралханға арнау» өлеңдерін оқыды. 2010 оқу жылының облыстық олимпиадасының бас жүлдесінің жеңімпаздары – Шарипова Галина, Троеглазов Степан мен Тілектің орындауындағы «Өз елім» әнімен кеш аяқталды.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019