14 мамыр 2019 жылы. Д. Серикбаева ШҚМТУ бірінші курс студенттері Славян жазуы мен мәдениеті күніне арналған орыс тілі мен сөйлеу мәдениеті бойынша VI Халықаралық интернет-олимпиадаға қатысты. Олимпиаданы Сібір мемлекеттік қатынас жолдары университеті (Новосибирск қ.) ұйымдастырды. Олимпиадаға Ресей мен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Қатысушылар лингвистикалық сипаттағы тапсырмаларды ғана емес, шығармашылық жоспарды да орындауы тиіс. Сонымен, тапсырмалар кешені үш түрге бөлінді: лингвистикалық тест, лингвистикалық есептер және капитандар сайысы. Біздің университет студенттері қойылған міндеттерді жақсы орындап, екінші орынға ие болды.
Команда капитандары "Бауырлас қалалар" тақырыбына шығарма-миниатюралар жазуда жарысты. Жеке біріншілікте біздің команда капитаны 18-АРК-1 тобынын студенті Қайнарқызы Аружан екінші орынға ие болды.
Техникалық университет студенттері осындай олимпиадаларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде.
Орыс тілі пәні бойынша халықаралық олимпиаданың жүлдегерлерін құттықтаймыз:
- Қайнарқызы Аружан (18-АРК-1),
- Бурқатов Еламан (18-МТ-1-А),
- Бейсекенов Наиль (18-ИСК-1),
- Құдайберген Сұлушаш (18-ИСК-1),
- Жұмабек Еламан (18-ВТК-1).
24.05.2019