2019 жылдың 9 сәуірінде қазақ орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы Оқасова Б.Қ. «Занимательный русский язык» тақырыбына сайыс өткізді.

Бұл шараға А2 деңгейі бойынша оқитын студенттер қатысты.

Екі топқа бөлініп, өз командаларына «Оптимист»  және «Прогресс» атауларын берген студенттер 16 тапсырма бойынша сайыс тапсырмаларын орындады.

Олар команда эмблемаларына эскиз таңдап, атауы мен ұранын ойлап тауып, үй тапсырмасын орындауда және презентация материалдарын дайындауда белсенділік танытты.

Сайыс тапсырмалары оқыған материалдарын қайталауға және өзіндік іс-әрекеті кезінде негізгі алған білімдерін жүйелеуге арналған қызықты сұрақтар мен логикалық талдауды талап ететін  лингвистикалық тапсырмаларды табандылық пен  мақсаттылықты тәрбиелеуге  бағытталған.

Өткізіліп жатқан шараның орта тұсында сайысқа қатысушылардың ойларын жинақтауға, шаршауды басу үшін жанкүйерлерге арналған сайыс тапсырмалары өтті.

Үй тапсырмасы ретінде команда мүшелері орыс халық ертегісін сахыналап берді.

Сайыстың әділқазы мүшелері болып кафедраның доценті, филология ғылымдарының кандидаты  Ережепова С.К  және В2 деңгейінде оқитын студенттер тағайындалды.

Сайыстың соңында номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып, грамота мен тәтті сыйлықтар тапсырылды. 

Сайысқа дайындық кезінде белсенділік көрсеткен 18-РТК-2 тобының студенттеріне алғыс білдіреміз.

Соңғы өзгерістер күні:
24.05.2019