2018 жылдың 01 қарашасында қазақ және орыс тілдері кафедрасының доценті, филология ғылымдарының докторы Қ. А. Құсманова латын графикасы негізінде қазақ тілін жазудың негізгі ережелерімен танысу мақсатында "Қазақ жазуының тарихы" тақырыбында дөңгелек үстел мен семинар өткізді. Бұл іс-шараға 18-ГТК-4, 18-ГТК-5 8-ГТК-1, 18-ЭЛК-2 тобының студенттері белсенді қатысты. Студенттер ғалымның дәрісін тыңдап, оларды толғандырған сұрақтарға жауап алды. Шара соңында студенттер арасында латын әліпбиіне көшу жөнінде сауалнама жүргізілді; қазақ тілінің жаңа алфавитімен жаднамалар таратылды.
Соңғы өзгерістер күні:24.05.2019