17.09.2018 ж. - 24.09.2018 ж. аралығында қазақ және орыс тілдері кафедрасында «Тіл – рухани әрі тарихи құндылық» атты тілдер апталығы аясында:

18.09.2018 ж. 18-ГТ-1, 18-ГР-1 топтарының студенттері арасында "Ойлы болсаң, озып көр"атты интеллектуалды ойын өткізілді. Студенттер қызықты тапсырмалар орындады. Балдарды есептеу нәтижесінде "Алтай" командасы жеңімпаз атанды. Іс-шараға жауаптылар Жаксылыкова Б.С., Байбатанова Ф.И.

19.09.2018 ж. "Одна страна-одна книга" акциясы аясында Ш.Құдайбердиевтің шығармашылығына арналған "Адамгершілік ақ жолға" атты әдеби кеш өтті. Студенттер ақынның өлеңдерін оқып, оның философиялық ойлары туралы өз пікірлерін айтты. Кеш барысында Шәкәрімнің белгісіз туындылары қойылды. Кеш өте қызықты және танымды болды. Кеш ұйымдастырушылары кафедра оқытушылары Оқасова Б.К., Әділбаева Ж.Д.

Соңғы өзгерістер күні:
24.05.2019