Тіл – татулық тірегі, тіл – достықтың кепілі!» атты мемлекеттік тілді білуден университетішілік олимпиада екі турда өткізілді. Бірінші турда 22.10.12 ж. студенттер диктант жұмысын орындады. Бірінші турдың мақсаты студенттердің жазу сауаттылығын арттырып, орфографиялық дағдыларын қалыптастыру болды.
Екінші тур 01.11.12ж. күні өтті. Екінші тур «Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» тақырыбына ойтолғау, «Мың бір мақал» мақал-мәтел сайысы, «Қазақшаңыз қалай?» атты викториналық сұрақ-жауап сайысы, «Тіл майталманы» ұсынылған затты мемлекеттік тілде қысқаша сипаттап айтып беру, «Кім көп сөз біледі?» берілген сөзден мүмкіндігінше көп сөз құрау сайысы, «Өнерлі өрге жүзер» сайыстарынан тұрды.
Олимпиадаға қатысқан студенттер өз білімдерін ортаға салып, өнерлерін көрсетті. Олимпиаданың әрбір тапсырмасы бойынша сайыскерлер өзара әңгіме жүргізді, сұрақтарға жауап берді, әсіресе «Тіл майталманы» атты сайыста ұсынылған затты сипаттауда қазақ тілінде дұрыс сөйлеу дағдысын, тақырыптың ашылуын, ой-өрісінің кеңдігін жан-жақты көрсете білді.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019