Ақпанның 15-інде өзге тілді ұлттар арасындағы мемлекеттік тілді білудің «Тіл- парасат» атты қалалық байқауы өтті. Байқау тілтанушы – ғалым Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл толуына арналды.
Байқауға ШҚМТУ–дің ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінің 2 курс студенті Рият Файзульянов та қатысты. Байқауға қатысушылардың арасынан топ жарып шыққан Рият мемлекеттік тілді жақсы меңгеруімен бірге білімін, өнерінде ортаға салды. Әділ қазылардың қойған сауалдарына орынды жауап беріп, жанкүйерлерімен бірге әділ қазыларды да ризашылыққа бөледі. Рият Файзульянов Бас Жүлдені жеңіп алып, жүлдегер атанды, бағалы сыйлыққа ие болды. Облыстық «Тіл-Парасат» байқауына қатысуға жолдама алды.
28.02.2018 Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай этнос жастары арасында қазақ тілі білгірлерінің «ТІЛ-ПАРАСАТ» облыстық байқауында ақпараттық технологиялар және энергетика мектебінің 16-ЭЛ-1 тобының 2 курс студенті Файзульянов Рият 2-орынды иеленді.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019