Біздің еліміздің оңтүстігі Алматы қаласында 17-25 жас аралығындағы жастар арасында «Тіл парасаты» республикалық байқауы өтті. Республикалық байқауға қатысу үшін қалалық және облыстық сайыстан өту қажет болды. Осының нәтижесінде сайыстың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп 1 орынды иемденіп, «Тіл парсат» байқауының ақтық кезеңіне лайықты болдым. Байқауға облыстық турдың 15 жеңімпазы қатысты. Байқау Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өтті.

Байқау үш кезеңге бөлінді. Бірінші кезеңде эссе жазу және монологты құрастырудан тұрды. Эссе жазу үшін үш тақырып ұсынылды. Таңдалған тақырыптың мағынасын анықтау қажет болды. Қатысушының сауаттылығы, ойын толық жеткізуі және сондай-ақ сөздік қоры ескерілді. Мен «Отан - алтын бесігім» тақырыбын таңдадым. Эссені жазу арнайы дайындалған дәрісханада өтіп, онда кезекші қызметкерлер болды. Байқаудың қалған бөлімдері акт залында өтіп, онда қазылар алқасынан басқа көрермендер де болды. Монолог келесі формада өткізілді: арнайы экраннан тақырыптары бар ұяшықтар таңдалып, таңдалынған тақырып бойынша әр қатысушы 3-5 минут сөйлеуге уақыт берілді. Мұнда тақырыптың мағынасы ашылуы ескерілді. Менің монологымның тақырыбы Абылай ханның сөзі еді: «Білекке сенген заманда ешкімге есе бермедік, білімге сенер заманда қапы қалып жүрмелік». Екінші кезеңде сұхбат құрастыру болды. Бірінші және екінші нөмірлердің қатысушылары билет алып, таңдалған тақырып бойынша бір-бірімен сұхбаттасты. «Өнер көрсету» қорытынды кезеңінде яғни үй тапсырмасы бойынша әр қатысушы ән салу, музыкалық аспапта ойнау немесе шығармадан үзінді оқу шеберлігін көрсету болды. Мен «Бозторғай» өлеңін жатқа айттым. Байқаудың барлық кезеңдері бес баллдық шкала бойынша бағаланды. Жеңімпаздардың білімі сол күні анықталып, сыйлықтармен және ақшалай сыйлықтармен, сонымен қатар алғыс хаттармен марапатталды. Мен бұл байқауда 4 орынды иемденіп, 50 000 теңгеге ынталандыру сертификатына ие болдым.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019