«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 15.02.2018 қазақ және орыс тілдер кафедрасы мемлекеттік және орыс тілдерін білуден университет студенттерінің арасында пәнаралық олимпиада өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты болашақ мамандар арасында коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру, мемлекеттік және орыс тілдерін терең меңгерген студенттерді анықтау және ынталандыру болып табылады. Олимпиада екі кезеңнен тұрды – орыс тілінен жазба түрінде диктант жазылды, қазақ тілінен оқу сауаттылығын анықтау, лексика-грамматикалық тестерді шешу және тыңдалған мәтін бойынша тапсырмаларды орындау сынды жұмыстар түрінде өткізілді. Ауызша кезеңінде монолог оқу және жағдаяттық тапсырмалар орындалды.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019