Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті Ақпараттық технология және бизнес факультеті қазақ және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылы қыркүйек айының 22-і күні Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы мемлекеттік грантының екі дүркін иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызының 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ тілінде білім беру мен оқытудың инновациялық үдерістері: мәселелер, заңдылықтар, болашағы» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Қазақ тілі және этномәдени динамика: әдеби тілді оқытудың өзекті мәселелері
- Латын әліпбиіне көшу – жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі
- Білім беру жүйесіндегі үштілділік мәселелері
- Қазіргі қазақ тілі: тілдік үдерістегі тілдік тұлға
01.03.2019