Тіл білгірі» Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастардың арасындағы тіл білгірін анықтау мақсатында «Тіл-дарын» олимпиадасы өтті.
ШҚМТУ-дың жер туралы ғылымдар факультетінің 1 курс студенті Манакова Айгерім Серікқызы 2 орынды иеленіп, «Тіл білгірі» атанды.
«Тіл-дарын" олимпиадасы сәуірде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Шығыс Қазақстан халықтарының тілдері мен мәдениетін түлету мектебінде үш тілді жетік білетін жастар арасында өтті.
Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру, тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелей отырып, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтап оларды қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін және көп тілді меңгерген тұлғаны қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеуді үйретуде бұл байқаудың мәні зор екені көпшілікке аян.Қатысушылар алдын-ала тілді қаншалықты білетіндігі жөнінен іріктелуден өтті.Бұл байқауға «Абай» клубының мүшесі, 16-БЖ-1тобының студенті Манакова Айгерім қатысты.
Берілген тақырыпқа эссе жазу, фразеологизмдерді аударып, мағынасын түсіндіру сияқты тапсырмалар орындалды.
Байқауға ҚАЕУ колледжі, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі, ШҚМТУ студенттері, Қазақстан Корей колледжінің кәріс тілі мұғалімі қатысып, ҚАЕУ колледжінің 3 курс студенті Серікқалиқызы Жанна бас жүлдені қанжығасына, облыстық конкурсқа қатысуға жолдама алды.
Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Амиргазин Али Ақылбекұлы 1 орынды, ШҚМТУ, жер туралы ғылымдар факультетінің 1 курс студенті Манакова Айгерім Серікқызы 2 орынды, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті Бутышева Рината Бауржановна 3 орынды иеленді.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019