2016 жылдың қараша айының 24-де сағат 14.00-де «Ой сана» атты 1-2 курс студенттері арасындағы қазақ тілінен университетішілік олимпиада өтті.
Олимпиаданың шарттары:
- берілген 5 тапсырманы толық орындауы керек;
- эссе жазу барысында эссенің талаптары сақталуы тиіс;
- орфографиялық қателер болмауы қажет;
- әділқазылар алқасы қатысушылардың білімін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, білім мен ұғымды қолдануы шеберлігіне, сөйлемнің дұрыс құрылуына, орфографиялық қателерге көңіл аударулары керек.
Олимпиада нәтижелері бойынша:
- І орын – 16-БУ-1 тобының студенті Нигманов Ельдар
- ІІ орын – 16-ТМ-2р тобының студенті Тагирова Ларина
- ІІ орын – 16-МТ-1 тобының студенті Жақанбаева Айдана
- ІІІ орын – 16-ТМ-1к тобының студенті Копешов Аслан
- ІІІ орын – 16-ТМ-1к тобының студенті Баяхметов Ерхат
Алғыс хаттар:
- 16-АР-1 тобының студенті Серіков Алихан
- 16-ТМ-2р тобының студенті Мукашева Алика
- 15-ТТ-1 тобының студенті Махмұт Рамазан
01.03.2019