Қазанның 31 күні №3 жатақханада қазақ, орыс тілдері кафедрасының күні атап өтілді.

Осы жатақханада тұратын студенттерге ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 16-РТК-1, 15-ТЭК-2 студенттерінің ұйымдастыруымен «Желтоқсанда үзілген жауқазындар» атты тәрбие сағаты ұсынылды.

Мақсаты: 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл, қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып, жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

Тәрбиелігі: Студенттерге өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтай білуге,  патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Әрбір жеке тұлғаның еркін сөйлеп, өз пікірін, ойын айта білу қабілетін дамыту.

Көрнекіліктері: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалардың суреттері. «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» атты слайд презентация.  «Желтоқсан желі» атты бейне баян. Желтоқсан оқиғасына арналған кітаптар көрмесі.

Түрі: ауызша журнал.

Кездесу кеші ҚР әнұранымен және желтоқсан құрбандарын 1минуттік еске алу үнсіздігімен ашылды. 2016 жыл да тағзым етуге лайық оқиғалар легіне кенде емес. Соның бірі ҚР Тәуелсіздігінің түп тамырына тікелей байланысы бар, ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздікке ширек ғасыр, әйгілі Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толады.

16-РТК-1 және 16-РТ-1 тобының кураторы Оқасова Бахтжан Қуандыққызы 30 жыл  бұрын алаңға шығып, орталықтың әміршіл - әкімшіл солақай саясатына қарсы өз ойларын айтуға тырысқан қазақтың өрімдей қарусыз жастарының баға жетпес рөлі туралы және аталған шараның өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде өнеге болатыны туралы айтты.

Студенттер тәрбие сағатын біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен, еліміздің ерен ісімен, кешегі дүниені дүр сілкіндерген Желтоқсан оқиғасымен келген, тарихымызда алтын әріптерімен жазылып қалған желтоқсан құрбандары Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асановалардың рухына арнады. Олардың өмірі, ерлігі жайында түсіндіріп, батырлығын насихаттап, студенттерге желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат берілді. Ауызша журнал барысында студенттер өз баяндамаларында «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» презентациясымен «Желтоқсан желі» бейне ролигін ұсынды. 15-ТЭК-1 тобының студенті Бидаке Манат «Қаз тұрып қадам басқан Тәуелсіздік» атты ҚР Тәуелсіздігіннің 25 жылдығына арналған өз өлеңін тарту етті.

Кафедраның аға кураторы Жақсылықова Бейбітгүл Сейтқасымқызы тәуелсіздік жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында толық түсінік берді. Олар мәңгі есімізде!

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019