Тілдер мерекесінің ашылуы университеттің рекреациясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тілдер туралы  видео көрсетіліп, өлеңдер оқылып, бірінші курс студенттерінің флеш-моб биімен аяқталды.

 «Эрудит», «Пушкин», «Абай» клубтарының презентациясы жасалынды.

 «Тілім менің – ғасырлардан аманат», «Государственный язык – мой язык» тақырыптарында ең үздік эссе конкурсы болды. Орыс тілінде жазылған эссе конкурсының нәтижесі бойынша:

  • 1 орын - 16 АР-1 тобының студенті  Норветкин Илья,
  • 2 орын -  15-ТТ-1 тобының студенті Мухамедова Амина,
  • 3 орын - 16-УДК-1 тобының студенті Русланова Камила.

Қазақ тілінде:

  • 1 орын - Үсен Жазира 16-МКК-1,
  • 2 орын - 16-ТМК-2 тобының студенті Асылбеков Ерасыл,
  • 3 орын - 16-ГРК-1тобының студенті Әнуарбекова Балшекер.

Кітапхананың оқу залында қазақ тілінде оқитын студенттерге «Великий праздник суверенной страны» тақырыбында, орыс тілінде оқитын студенттерге «Егемен елдің ұлы мейрамы» тақырыбында ауызша журнал өткізілді. Кітапхана қызметкерлері ҚР тәуелсіздігіне арналған кітап көрмесін ұйымдастырды.

Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналып «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» тақырыбында қабырға газеттері конкурсы өтті. Конкурсқа 19 топ қатысты. Студенттер креативтілік қабілеттері мен эстетикалық тұрғыда тақырыптың мазмұнын аша түсуге тырысты. Қазылар алқасы ең үздік қабырға газеттерін таңдады. 1-орынды 16-МКК тобы, 2-орынды 16-АУК тобы, 15-ТТ-1 тобы иеленді.

15-БМК-1 и 15-БФК-1 топтарында «Тілі бұлдыр халықтың болашағы бұлыңғыр» тақырыбында дебаттық турнир өтті. Турнир нәтижесі бойынша ең үздік спикер 15-БЭТК тобының студенті  Союзбек Эльдар, ең үздік модератор  15-БЭК тобының студенті  Ермуханбетова Ақмарал болды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай «Сен жанбасаң лапылдап...» тақырыбында студенттер өздері шығарған өлеңдерін нақышына келтіре оқып, жас ақындар сайысына қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша:

  • 1-орынды Қозытай Ұлдана,
  • 2-орынды Муратханов Ерасыл,
  • 3-орынды  Алтынғадыс Күнтуғанұлы иеленді.

 «Бір кітап – бір ел» акциясы аясында Дулат Бабатайұлы шығармашылығына арналған семинар өткізілді.

 16-ТМК-2 и 16-ССК-2 топтарының арасында «Сан халықтың басын қосқан Туған ел» еліміздің тарихын, мәдениетін, әдебиетінің білгірлері конкурсы болды.

Барлық шараларға белсенді қатысқан студенттер мақтау қағаздарымен марапатталды.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019