Woodward

2016 жылдың 12-сәуірінде Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бірінші курс студенттері орыс тілі және тіл мәдениетінен өткен ІІІ Халықаралық интернет-олимпиадаға қатысты. Олимпиаданы Сібір мемлекеттік университет (Новосібір қ.) ұйымдастырды. Олимпиадаға Ресей, Белоруссия, Қазақстан университеттерінің алты техникалық университеті студенттері қатысты.

Қатысушыларға тек тілдік сипаттағы тапсырмаларды орындау ғана емес, шығармашылық тапсырмаларды да орындау қажет болды. Тапсырмалар кешені үш түрлі сұраққа бөлінді: лингвистикалық тест, лингвистикалық тапсырмалар және капитандар конкурсы. Команда капитандары сегіз жолды өлең құрастырды, оның төртінші және жетінші жолдары алғашқы жолды қайталап, ал сегізінші жол екінші жолды қайталауы қажет, жалпы өлең екі ырғақта жазылуы қажет.

Біздің университеттің студенттері алдарына қойылған міндеттерді орындап, бірінші орынға ие болды.

Төмендегі орыс тілінен халықаралық олимпиада жүлдегерлерін құттықтаймыз:

  • Шүкімова Аяулым Әлібекқызы – 15-РТК-1
  • Еркенбекқызы Арай – 15-РТК-1
  • Ежембаева Медет Маликович – 15-АУК-1
  • Амангельдинова Малика Талгатовна – 15-МТК-1
  • Сеилканова Ардақ Маратовна – 15-ПОК-1
Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019