ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ

Қазақ және орыс тілдері кафедрасында 2016 жылдың 6 сәуірінде белгілі ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ғұлама абайтанушы, ұлтымыздың мақтанышы, профессор Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған «Аңыз адам-ақиқат тұлға» атты танымдық семинар өтті.

Қайым Мұхамедханов көрнекті ғалым, мәтінгер, Семей қаласындағы алғашқы Абай мемлекеттік әдеби мұражайының негізін қалаушы, абайтану және шәкәрімтану ғылымдарының негізін салушы, М.Әуезовтің адал шәкірті әрі серігі, ақын, жазушы, драматург, аудармашы, үздік тәлімгер ұстаз және қоғам қайраткері.

?АЙЫМ М?ХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ ?АЙЫМ М?ХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ ?АЙЫМ М?ХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ

?АЙЫМ М?ХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ ?АЙЫМ М?ХАМЕДХАНОВ - 100 ЖЫЛ

Университетіміздің ғылыми кітапханасының көмегімен Қайым Мұхамедхановтың шығармалар жинағы, өмірі, шығармашылығы туралы шағын көрме ұйымдастырылды.

Семинарға кафедра оқытушылары мен университеттің 1 курс студенттері қатысты.

Семинар кафедра меңгерушісінің Қайым Мұхамедханов туралы естелігімен ашылды, Асавбаева Гүлзада Байдрахманқызы ғалыммен қалай кездесіп, сұхбат алғаны туралы әңгімелеп берді.

Семинар барысында 15 баяндама оқылды. 

«Абайтанушы Қайым Мұхамедханов», «Қайым Мұхамедханов ғалым-текстолог», «Қайым Мұхамедханов туралы ойлар мен пікірлер», «Алаш арысы Қайым Мұхамедханов», «Қайым Мұхамедхановтың поэзиясы», «Қайым Мұхамедхановтың қазақстанның ғылымы мен мәденитіне қосқан үлесі», «Қайымның қағидалары», «Қайым Мұхамедханов туралы естелік», «Қ.Мұхамедхановтың драматургиясы» атты баяндамаларында студенттер абайтанушы, текстолог, ғалым, ақын, жазушы, драматург Қайым Мұхамедханұлы жайлы естеліктер мен зерттеулер, деректер, туып-өскен, білім мен білік жинаған, үлгі-өнеге алған ортасы туралы баяндады. Баяндамалар барысында ғалым туралы слайдтар көрсетілді.

Жарты ғасырға жуық шыр¬қалған Қазақ КСР-інің және Тәуелсіздік жылдарындағы елі¬міздің тұңғыш Әнұранының авторы, ғалымның қайсарлығы, отансүйгіштігі, Абай іліміне деген сенімнің беріктігі туралы мәліметтер берілді.

Семинар соңында баяндамышылар мен жетекшілері алғыс хатпен марапатталды.

Отырыс әсерлі өтті. Бұл семинар студенттерді елжандылыққа, адами құндылықтарға тәрбиелейтін өнегелі кездесу болды.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019