Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2016 жылғы 10 наурызда қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастардың арасында «Тіл шебері» облыстық конкурсын өткізді. Конкурс мәдениеттаным, ұлттаным, өнертаным сынды үш аталымнан тұрды. Сарапшылар үміткерлердің тілдерді меңгеру деңгейін, жауаптарының оралымдығы мен ерекшелігін, үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуін ескере отырып, баға берді. Осы сайыста университетіміздің намысын Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетінің 12-ВТК-1 тобының 4 курс студенті Бағадаев Шыңғыс Маратұлы қорғады. Барлық турлардан сүрінбей өткен Шыңғыс өзінің білгірлігі мен тапқырлығын танытып, бірінші орынға ие болды.

Тіл шебері Тіл шебері

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019