2016 жылдың 14 наурызда Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тіл дайындығы жоғары, орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында «Ой-сана» орыс тілі білгірлерінің қалалық байқауын өткізді.
Сайысқа қатысуға мектептің жоғары сынып оқушылары, ҚАЕУ мен Д. Серікбаев ШҚМТУ студенттері тапсырыс білдірді.
Гран-при иегері Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ АТжБФ-нің студенті Аида Каирдинова (15-МБК-1 тобы) жеңіп алды. Екінші орын Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенті Раушан Еркебаеваға (14-БМК-1 тобы) бұйырды.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019