Ақпанның 25-нде қазақ, орыс тілдері кафедрасының №3жатақханадағы «Кафедра күні» «Абай» клубының мүшелері мен жетекшісі, аға оқытушы Ш.Қуаныштың ұйымдастыруымен І.Есенберлиннің туғанына 100 жыл толуына арналған «Көшпенділер» трилогиясы бойынша этносабақ өтті. 

Бұл шараға кітапхана қызметкері Қарлығаш Серғазина қатысып, жазушы шығармашылығына арналған көрмемен таныстырды. Бұл шараның мақсаты І. Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат беру, трилогияның мазмұны мен кейіпкерлерімен таныстыру және ХV-ХІХ ғасырлардағы қазақ халқының тарихи шежіресін түсіндіру болды. «Қаратаудың басынан көш келеді...» деп басталатын зар заман әнін Қарлығаш Серғазина айтып, шығу тарихына тоқталды.

«Көшпенділер» трилогиясы бойынша слайд көрсетіліп, шығармадағы ұлтттық рух пен тарихи хроника мен әскери салт, дәстүр,ерлік, батырлық дәріптелді.

І.Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы туралы студенттер өз пікірлерін ортаға салды. «Көшпенділер» трилогиясы бойынша викториналық ойын ойналды.

Тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, этнографиялық таным мен адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу мақсатында өткен кеш «Көк тудың желбірегені» әнінмен аяқталды.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019