Ақпан айының 9-25 аралығында Ақпараттық технологиялар және бизнес факультетіне қарасты «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының оқытушылары №3 студенттік жатақханада кезекшілік атқарды. Осы кезеңде оқытушылар студенттермен жеке әңгімелесіп, олардың тұрмыстық жағдайымен танысып, психологиялық және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетуге тырысты. Сонымен қатар кафедра оқытушылары студенттердің бос уақытын тиімді өткізу жолдарын қарастырып, жастар арасындағы ұйымшылдық пен татулықты нығайту мақсатында әр түрлі шаралар да ұйымдастырып өткізді. Ақпанның 23-інде осы жатақхананың белсенді жастарының қатысуымен «Әзіліміз жарасса...» атты ойын-сауық кеші өтті. Студенттер тұратын қабаттары бойынша екі топқа бөлініп, әзіл айтысып, конкурстық ойындарға қатысып, бір серпіліп қалды. Кеш соңында екі топтың студенттері де тәтті сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытқан студенттер де қалыс қалған жоқ. Кеш барлық жатақхана тұрғындарының көңілінен шықты.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019