26 ақпанда қазақ, орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай орыс тілінен университетішілік «Аламан» сайысы өтті. Сайысқа «Серпін-2050: Мәңгілік Ел жастары-индустрияға» атты бағдарламасы аясында білім алып жүрген 1курс студенттері қатысты.
Комиссия сайыс нәтижесін шығарып, жүлделі орындар мен номинациялар тағайындады. І орынды инженерия факультеті, ІІ орынды ақпараттық технологиялар және бизнес факультеті, ІІІ орынды жер туралы ғылымдар факультеті иеленді.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019