Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз - қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз - тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі, Бірі - тіл, бірі - ділің жүректегі»,- деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Біздің Отанымыз байтақ та бай ел. Елімізде көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында қазақ және орыс тілдері кафедрасы 2015 жылдың 16-23 қыркүйек аралығында тілдер апталығын өткізді. Тілдер апталығының жоспары құрылып, бекітілген бағдарламаға сәйкес көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тілдер апталығы аясында «Сауаттылар» сайысы 16-17 қыркүйекте өткізілді. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Олар сайыстың шарты бойынша қазақ, орыс тілдерінде диктант жұмысын жазды. Жалпы сайысқа қатысқан студенттердің саны - 32. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаз студенттер мақтау қағазымен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 15-ТМ-1 тобының студенті Қайратқызы Лаура, 14-ГМ-1 тобының студенті Дементьева Екатерина, екінші орынды 15-ТТ-1 тобының студенті Базиев Руслан, 15-ТФ-1 тобының студенті Кенжегулова Диана, 15-ТФ-1 тобының студенті Кабылкаков Асылан, 15-МТК-1 тобының студенті Амангельдинова Малика алса, ал үшінші орынға 15-ВТК-2 тобының студенті Молдабек Салтанат, 15-ТТ-1 тобының студенті Махмұт Рамазан, 15-ТТ-1 тобының студенті Халелов Бауыржан, 12-РТ-1 тобының студенті Назенова Гаухар ие болды.
17 қыркүйек күні сағат 10.50-де және сағат 12.00-де, Г-2-306, Г-2-309 дәрісханаларында «Өлең - сөздің патшасы» атты тақырыпта көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы болып өтті. Сайысқа 24 студент қатысты. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты, олар сайыстың шарты бойынша таңдап алған шығармаларын жатқа білулері қажет болды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстай білуіне, әртістік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударды. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды 15-БФК-1 тобының студенті Есхатова Назерке, 14-МТК-2 тобының студенті Дюсюпканова Балнұр иеленді. Екінші орынды 14-ГМК-1 тобының студенті Шаяхметова Айзада, 15-ГТ-1 тобының студенті Савельева Анастасия, 15-ТЭК-2 тобының студенті Каюмова Арайлым, 15-ГТ-1 тобының студенті Бұлжанова Аяжан алды. Үшінші орынға 15-РТК-1 тобының студенті Советова Айгерим, 15-ТЭК-2 тобының студенті Құспанова Гүлназ, 15-ТМ-1 тобының студенті Жунусов Эрик, 14-ТЭК-1 тобының студенті Ракышева Ляйля ие болды.
22 қыркүйек күні сағат 14.00-ден бастап Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің мерекесі шеңберінде «Жеті жұрттың тілін біл» атты тақырыпта қабырға газетінің сайысы өткізілді. Қабырға газетінің негізгі шарты оның мазмұндылығы, жаңашылдығы, сауаттылығы, көркемдігі және тақырыптың ашылуы болды. Сайыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды 15-АР-1 тобы, екінші орынды 15-АР-2, 15-ГМ-1 топтары, үшінші орынды 15-ГТ-1, 15-КД-1 топтары жүлделі орындарға ие болып, мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 23 қыркүйек күні сағат 11.40-та, Г-2-306 дәрісханада өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан студенттер, қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі А.К.Жанәбілова, осы тілдер апталығын өткізуге жауапты оқытушы А.К.Бакиева және барлық кафедра оқытушылары қатысып, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Соңында 14-ТМ-2, 15-ПО-1 тобының студенттері ән шырқады.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019