2014 жылы 4 қараша күні сағат 9.55-те университеттің ардагерлер Кеңесінің залында (2-ғимарат, 309-бөлме) Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа арналған кезекті Жолдауын түсіндіру мақсатында «Нұрлы жол - жастарға айқын бағыт» тақырыбында дөңгелек стол отырысы өткізілді. Кеңес отырысын кафедра доценті, п.ғ.к. Б.Ш.Мешімбаева ашып, Жолдау жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Елбасы жолдауында айтылған негізгі мәселелер жөнінде сәулет-құрылыс факультетінің 14-ВРК-1, 14-МСК-1, 14-СИК-1 топтарының студенттері толық түсініктеме жасады.
Сонымен қатар дөңгелек стол отырысына 14-ТЭК-1, 14-СС-1, 14-ВР-1 топтарының студенттері қатысты.
Университет ардагерлерінің студенттерге патриоттық тәрбие берудегі рөлі және алдағы Жеңіс күніне арналған шаралар жөнінде ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.С.Сергиенко айтып өтті.
Дөңгелек стол отырысына қатысуылар Жолдаудың барлық бағыттарын толық қолдайтындары айтты.
Соңғы өзгерістер күні:01.03.2019