2014 жылықарашаның 27 жұлдызында университетімізде дөңгелек үстел өтті.Бұл жиынға ТЖжӘД департаментінің директоры Б.Н. Злобин, экономика және менеджмент факультетініңдеканы Е.В. Варавин, декан орынбасары С.Н. Сүйеубаева, ҚОТжІҚЖ кафедрасының кафедра меңгерушісінің орынбасары Б.Қ. Оқасоважәне факультет 13-ТДК-1, 14-БФТК-1,14-БМК-1, 14-БФ-1 тобының студенттері қатысты.Ұйымдастырушылар қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасының оқытушылары –А. Б. Әбілмажинова және С.Қ. Ережепова. Дөңгелек үстел екі тілде жүргізілді. Талқылаған тақырыбымыз Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы Жол - болашаққа бастайтын жол» атты халыққа Жолдауына байланысты болды.

n1

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019