2012 жылдың 14-22  қыркүйек аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және мәртебесін көтеру мақсатында қазақ, орыс тілдері және ісқағаздарын жүргізу кафедрасында «Бірлігіміз де, тіліміз де бір қауызда» тақырыбында тілдер апталығы болып өтті.

Тілдер апталығында бірнеше ісшаралар ұйымдастырылды. 14 қыркүйекте тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ, орыс тілдері және ісқағаздары кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Жанәбілова Айжан Кеңесқызы құттықтау сөзімен ашты.

Тілдер апталығының өтілуі барысында кафедра ұжымы 14 қыркүйек күні, Өскемен қаласындағы этноауылда ұйымдастырылған қалалық “Тілдер шеруіне” қатысты.  “Тілдер шеруі” фестивалінде кафедра ұжымы қазақ елінде тұратын армян халқының салт-дәстүрінен үзінді көрсетті және  Шығыс Қазақстан облысы бойынша тілдерді дамыту аясында өткізілген шараларда бас жүлде жеңімпазы “Шаңырақ” командасы өз өнерлерін халыққа паш етті.

17 қыркүйек күні сауаттылар сайысы болып өтті. Сауаттылар сайысына бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Олар сайыстың шарты бойынша диктант жұмысын жазды. Жалпы сайысқа қатысқан студенттердің саны 20. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаз студенттер мақтау қағазымен марапатталды.

18 қыркүйек күні «Елім деп еңіреген жүрегім»  атты тақырыпта көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы болып өтті. Сайысқа 12 студент қатысты. Сайысқа қазақ топтарында оқитын студенттер және орыс топтарында оқитын өзге ұлт өкілдерінің бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Олар сайыстың шарты бойынша таңдап алған шығармаларын жатқа білулері қажет болды. Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың тіл байлығына, тіл мәдениетіне, сыртқы келбетіне, мәнерлеп оқу деңгейіне, сахнада өзін-өзі ұстай білуіне, әртісік шеберлігіне, дауыс ырғағына көңіл аударулары керек болды. Сайыс қорытындысы бойынша студенттер мақтау қағазымен және алғыс хаттармен марапатталды.

19 қыркүйек күні «Қазақ тілі – тарихымның негізі» тақырыбына арналған барлық курс студенттері арасында үздік шығарма сайысы өткізілді.

20 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің  мерекесі шеңберінде  «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты тақырыпта қабырға газетінің сайысы өткізілді. Сайысқа қазақ, орыс топтарында оқитын бірінші, екінші курс студенттері қатысты. Қабырға газетінің негізгі шарты оның мазмұндылығы, жаңашылдығы, сауаттылығы, көркемдігі және тақырыптың ашылуы болды.

Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 22 қыркүйек күні дәрісханада өткізілді. Тілдер апталығының салтанатты түрде жабылуына апталыққа қатысқан студенттер мен барлық кафедра оқытушылары қатысып, жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Соңғы өзгерістер күні:
01.03.2019